USDT-нің теңгеге бағамы

Pax Finance-тің ағымдағы бағамы бойынша USDT-ні теңгеге және теңгені USDT-ге айырбастау. Соманы енгізіңіз — калькулятор қанша алатыныңызды көрсетеді.

USDT
…
KZT

Бағам қалай есептеледі

Pax Finance — лицензияланған цифрлық активтер айырбастау қызметі, ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы № 0126001O. Екі бағыттағы айырбастау бағамын Pax Finance белгілейді, ағымдағы бағам — жоғарыдағы калькуляторда.

  • Нарықтық деректер бойынша

    Бағам нарықтық деректер негізінде қалыптасып, нақты уақытта жаңартылады. Әр бағыттың өз бағамы бар: бағытты калькулятор өрістерінің арасындағы батырма ауыстырады.

  • Бағамға не кіреді

    Мәміле бойынша бағам Pax Finance-тің бағамдық айырмасын қамтиды. Қорытынды бағам мен сома айырбастауды растағанға дейін көрінеді.

  • Өтінімде бекітіледі

    Бағам мен қорытынды сома өтінім жасалған сәтте бірден бекітіледі. Өтінімнің мерзімі аударымға дейін өтсе — өзекті бағам бойынша жаңа өтінім жасаңыз. Аударым жіберіліп қойса — қолдау қызметіне жазыңыз, оны қолмен өңдейміз.

  • Ірі сомалар

    Ірі сомалар үшін жеке бағам ұсынамыз. 40 000 000 ₸-ден асатын мәмілелерде төлем 2 сағат ішінде түссе, бағам сақталады, ал мәміле төлем күні немесе келесі жұмыс күні орындалады.

Толығырақ — құжаттарда

Айырбастау қалай өтеді

USDT-ні теңгеге айырбастау

  1. Өтінім жасаңыз

    Айырбастау бағыты мен сомасын таңдаңыз. Бағам бірден бекітіледі.

  2. USDT жіберіңіз

    Нақты соманы өтінімдегі мекенжай мен желіге аударыңыз: TRC20, ERC20 немесе BEP20. Биржадағы аккаунттан, мысалы Binance немесе Bybit-тен, тікелей жіберуге болады. Жібермес бұрын желі мен мекенжайды тексеріңіз.

  3. Теңге алыңыз

    Аударым расталған соң теңгені банк шотыңызға жібереміз: әдетте бір сағат ішінде, регламент бойынша — 48 сағаттан аспайды.

Теңгені USDT-ге айырбастау

  1. Өтінім жасаңыз

    Айырбастау бағыты мен сомасын таңдаңыз. Бағам бірден бекітіледі, оның қолданылу мерзімі төлем шотында көрсетіледі.

  2. Теңге аударыңыз

    Өтінімдегі деректемелер бойынша банктік аударыммен, міндетті төлем кодымен төлеңіз.

  3. USDT алыңыз

    Түсім расталған соң USDT-ні әмияныңызға жібереміз: әдетте бір сағат ішінде, регламент бойынша — 48 сағаттан аспайды.

Pax Finance кастодиан емес: біз сізге шот ашпаймыз және активтеріңізді сақтамаймыз. ҚР резиденті болсаңыз, теңге банк шотыңызға түседі; резидент еместерге шетел валютасында төлем жасауға болады.

Лимиттер және тексеру

  • Жеке басты тексеру

    Айырбастау верификациядан (KYC) кейін қолжетімді. Әдетте ол шамамен 15 минут алады.

  • Тәулігіне 5 000 000 ₸-ге дейін

    KYC-тен кейін бірден, ақша қаражатының шығу көзін растамай-ақ.

  • Тәулігіне 5 000 000 ₸-ден астам

    Ақша қаражатының шығу көзін растайтын құжаттар (ИПДС) және білікті қатысушы сауалнамасы қажет.

  • Әр мәмілені тексеру

    Әр мәміледе криптоактивтердің шығу тегін Global Ledger KYT сервисі тексереді.